«Жас өркендегі» емханада «Ашық есік» күні акциясы өтті
«Жас өркендегі» №1 қалалық емханада «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері де қатысты.

Акция барысында «Жас өркен» шағынауданының тұрғындарына МӘМС жүйесі туралы толық ақпарат беріліп, МӘМС туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістер туралы түсініктеме берілді.
— Мұндай акциялар медициналық мекемелерде ай сайын өткізіледі. Пациенттер МӘМС жүйесіне қатысты өз сұрақтарына жауап ала алады. Айта кету керек, қазірдің өзінде онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілген, яғни сақтандырылмаған адамдар да уақытында қажетті тексерістерден өте алады. 2026 жылы Д және Е санатындағы азаматтар үшін медициналық қызметтер үшін жергілікті атқарушы орган жарна төлейтін болады. Бірқатар медициналық қызметтер ТМККК-дан МӘМС пакетіне ауысады. Қызметтердің толық спектрін алуды ұмытпау керек, сақтандырылған болу маңызды, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қарлығаш Ілиясова.
«Ашық есік күнінде» қала тұрғындары мамандарға жүгініп, қан қысымын өлшеп, қандағы холестерин мен қантты тексере алды. Денсаулығын тексертуге келгендер аз болмады.

— Бүгін таңертең хирургтан өтуім керек еді.Басым ауырып, қан қысымы көтерілгендей болды. Медициналық мекемеге келіп, қан қысымын тексеріп алдым. Емханада мен қантты да өлшедім. Енді емделемін. Осындай акцияларды өткізген медицина қызметкерлеріне рахмет дегім келеді — қала тұрғыны Галина Васильева.
Мұндай акцияларды №1 қалалық емхана ай сайын өткізеді. Бұл жолы медицина ұйымының қызметкерлері халықты АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыру және МӘМС туралы заңда енгізілген жаңалықтардан хабардар етуге баса назар аударды.
— Екі апта бұрын біз өзіміздің екі филиалымызда акция өткіздік. Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру филиалының қызметкерлері МӘМС жүйесі мен ТМККК пакетіне қатысты түсініктеме берілді. Айына біз шамамен 2-3 акция өткіземіз. Адамдар қатысуға дайын және ең бастысы сенімді ақпарат алуға ұмтылады, — дейді №1 қалалық емхананыңдиректоры Николай Новиков.

