Петропавлда биіктіктен құлаған жұмысшы қайтыс болды
Петропавлда «Жастар» стадионында биіктіктен құлап кеткен 24 жастағы жұмысшы қайтыс болды.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіт 23 қазанда облыстық көпсалалы ауруханаға ауыр науқаспен түскен.
— Пациентті қысқа мерзім ішінде тексердік. Операциялық емдеуге дайындадық. Операция жасалды. Лапаротомия, спленэктомия, жіңішке ішектің жарылуы жасалды. Нейрохирург қарап шықты. Ауыр дәрежедегі бассүйек-ми жарақаты болған. Мидың ауыр дәрежедегі жарақаты. Жіті суб және эпидуралдық гематомалар. Бас сүйек күмбезі мен негізінің сынуы. Бет қаңқасының көптеген сынықтары, сол жақта қабырға сынықтары, сол жақта травматикалық пневмоторакс, — деп түсіндірме берді басқармадан.
Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады. Жас жігіт 25 қазанда қайтыс болды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

