Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жұмысшы кентіндегі өткел тағы жөндеуге жабылады

Петропавл мен Жұмысшы кенті ауданын байланыстыратын  көпір қайтадан жөндеуге жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктегі мамандар хабарлады.

Ал мұндағы жөндеуден кейін пайда болған жарықтарды арнайы комиссия тексеретін болады.

Бір емес, бірнеше жөндеу көрген көпірдің жыры еш бітер емес. 2022-шы жылы бұл нысанда  «Магистраль СК» серіктестігі жұмыс істеді. Жөндеуге деп 21 млн теңге бөлінген еді. Былтыр ғана орташа жөндеуден өткен көпірдің қазір темір бөліктері қосылған жерлерінде жарықтар пайда болып, асфальт бұзылған. Салдарынан көліктердің жүруі қиындай түсті. Өткелдің неден шыдас бермей жатқандығын анықтау үшін енді мамандар арнайы тексеріс жүргізетін болады.

«Өткен жылы көпірдің бір-біріне жалғанған жері ауыстырылды. Жаңа асфальт салынды. Қалалық ТҮКШ бөлімі көпірде техникалық тексеріс жүргізетін мердігерді анықтау үшін конкурс жариялайды. Компания не себепті мұндай жағдай орын алғандығын анықтайды. Одан кейін өткелді жөндеу шаралары бойынша шешім қабылданады. Ал пайда болған жарықтар мен бұзылған асфальтті 2 жылдық кепіл негізінде «Магистраль СК» серіктестігі қалыпқа келтіреді», – деді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Жанель Батанова.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *