Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Таза Қазақстан» жобасы аясында 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Ел көлемінде  «Таза Қазақстан» акциясы өтті. СҚО-дағы шараға облыс және қала басшылығы қатысты. Жалпы бір күннің ішінде өңірде 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 

«Таза Қазақстан» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып отыр. Өткен жылдан бастау алған абаттандыруға бағытталған шара жалпыұлттық қозғалысқа айналғаны хақ. 

— Ең бастысы – акция өңір тұрғындарын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әсіресе, белсенді әрі бастамашыл жастардың көптігі қуантады. Бұл қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін жаңа буынның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді, – деді өңір басшысы.

Өңірді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 200 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылса, биылғы жоспар 155 мыңды құрайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *