«Таза Қазақстан» жобасы аясында 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Ел көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті. СҚО-дағы шараға облыс және қала басшылығы қатысты. Жалпы бір күннің ішінде өңірде 70 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
«Таза Қазақстан» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып отыр. Өткен жылдан бастау алған абаттандыруға бағытталған шара жалпыұлттық қозғалысқа айналғаны хақ.
— Ең бастысы – акция өңір тұрғындарын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Әсіресе, белсенді әрі бастамашыл жастардың көптігі қуантады. Бұл қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін жаңа буынның қалыптасып келе жатқанын көрсетеді, – деді өңір басшысы.
Өңірді көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы 200 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылса, биылғы жоспар 155 мыңды құрайды.

