Жарияланған күні: 09.06.2026
Петропавлда энергетиктер 250 түп ағаш отырғызды
Петропавл жылу электр орталығына — 65 жыл. Осы датаға орай «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының ұжымы қаланың «Ойқала» шағынауданында 250 түп ағаш отырғызды.

Энергетиктер Потанин мен Демиденко көшелеріндегі гүлзарда 250 түп қарағай мен терек көшеттерін отырғызды. Кәсіпорынның экологиялық қызметі көшеттерді өз бақылауына алып, тұрақты түрде суарылып тұруын қадағалайтынын алға тартты.
— Шелденің 20-сы күні біз Петропавл ЖЭО-2-ге 65 жыл. Біз Энергетиктер аллеясын ашуды жөн көріп, ағаш көшеттерін отырғыздық. Енді жыл сайын бұл шағын саябаққа ағаштарды отырғызамыз, — деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

