Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ақжар ауданында көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Ақжар ауданында көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биыл аудан диқандары жалпы көлемі 274,3 мың гектар жерді игеріп отыр.. Оның 202 мың гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себілсе, 61 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілген. Қалған жер көкөніс пен мал азығына қажетті жемшөп дақылдарын себуге бөлініпті.

Ақжарлық шаруалар егістік алқаптардағы ылғал кеппей көктемгі егін себу жұмыстарын дер кезінде бастап, уақтылы аяқтау күзгі жиын-терімде мол астыққа кенелудің кепілі екендігін жақсы түсінеді. Бұл үрдіс биыл да қалыптасқан дәстүрге сай жүргізілген.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек аз емес. Соның бірі арзандатылған жанар-жағармай мен қажетті минералды тыңайтқыштар, зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы өңдеу жұмыстарында қолданылатын химиялық препараттар. Онмен ақжарлық диқандар қауымы танап басындағы қарбалас тірлік басталғанға дейін толық қамтамасыз етілген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *