Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл жастары нашақорлыққа қарсы

Облыс орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жастар есірткіге қарсы» акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары белсенді қатысты. 

«Жастар есірткіге қарсы» акциясы аясында жастар медициналық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайларын бағамдады. Кейін спорттық жаттығулар жасап, денелерін жаттықтырды.

— Бүгінгі жастар — есірткіге қарсы. Қазіргі азаматтар бұл індеттің қаншалықты жаман екенін біледі. Әрқайсысы салауатты өмір салтын ұстануға асық. Бұған дәлел, бүгінгі акция деуге болады. Жастар белсенді қатысып, өз көз қарастарын еркін білдірді, — дейді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Мұса Әубәкіров.

Биыл облыста есірткіге қатысты 124 құқық бұзушылық тіркелген. Барлығы 14 келі зиянды зат тәркіленіпті. Екі жасырын зертхана әшкереленіп, есірткі жеткізумен айналысқан 10 бірдей арнаның жолы кесілген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *