Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның белді журналисі Президент қолынан марапат алды

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Өйткені өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы біледі. Президенттің пікірінше, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өздеріне жүктелген жауапты миссияны жоғары деңгейде атқару үшін халықаралық медиа қоғамдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіс.

БАҚ қызметіне қажетті жағдай жасалғанын айт­қан Президент журналистердің жалған ақпарат тара­туға қарсы күресте атқаратын рөліне тоқталды. Сон­дай-ақ дәстүрлі медианың өз маңызын жоймайты­нына назар аударды.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев отан­дық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен ма­рапаттады. Сондай-ақ журналистерге Президенттің бұ­қаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы, гранты және Алғысы тапсырылды.

Еңбегі еленіп, елорда төрінде құрметке бөленген­дердің қатарында облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газеті қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Өмір Есқали бар. Мемлекет басшысы кәсіби мерекеге орай тәжіри­белі журналистің кеудесіне «Құрмет» орденін тақты. Өмір Шалабайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «Қызылжар» газетін шығарып, ұлт мүддесі жолындағы істерге бастамашылық етіп, жас мемлекеттің солтүстік іргесін бекемдеу ісіне белсене қатысты. Кейін көп жыл­дар бойы республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *