Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы көпқабатты үйлер жылыту маусымына дайын ба

Петропавлда барлығы 1 198 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған болса, соның 1112-сі ғана техникалық тұрғыдан жылу қабылдауға әзір. 

Қазіргі уақытта пәтер иелерінің кооперативі мен мүлік иелері бірлестігінің төрағалары қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— Біз жеті көп қабатты үйге қызмет көрсетеміз. Қазір жылыту маусымына дайындалып, үйлердің жылу жүйелерін жуып, қысыммен тексеріп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ ғимараттардың шатырын тексереміз. Ертең көктемде су ағып, тұрғындардың мазасын алмауы үшін. Кәріз жүйесін де апаттық жағдайлар болмауы үшін тексеріп жатырмыз, — дейді көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін компанияның өкілі Тимур Жетпісов. 

Әзірге Петропавлға жылудың нақты қай күні берілетіні белгісіз. Қала әкімі тиісті қаулыға қол қойған жоқ. 

— Жылыту маусымын қыркүйек айының соңында немесе қазан айының басында бастау жоспарланып отыр. Алайда нақты мерзім ауа райының қалыптасуына байланысты анықталады, — деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *