Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Азия ойындары: Наталья Богданова – қола жүлдегер

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектердің бірінде жерлесіміз Наталья Богданова өнер көрсетті.

Солтүстікқазақстандық спортшы 75 келіде 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты. Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, 3 раунд бойы соққылармен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Жерлесімізді жүлдесімен әлеуметтік желіде облыс әкімі құттықтады. Ғауез Торсанұлы, Натальяның алдағы уақытта бұдан да жоғары белесті бағындыратынына сенім білдірді.

— Жерлесіміз Наталья Богданованы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймын! Бұл жетістік — табанды еңбек, төзім мен жеңіске деген жігердің жемісі. Наталья Солтүстік Қазақстан облысы мен еліміздің намысын абыроймен қорғады. Спортшыны жарысқа дайындап, оған қолдау көрсеткен жаттықтырушысы Дастан Қабденовке алғыс айтамын. Наталья мен Дастанға алдағы уақытта да толағай табыс пен жарқын жеңістер тілеймін! — деп жазды өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *