Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жаңа прокурорлар тағайындалды

СҚО-дағы прокуратура органдарында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Уәлиханов, Аққайың, Ғ.Мүсірепов және Тимирязев аудандарында прокурорлар тағайындалды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, әділет кеңесшісі Мақсат Аманәліұлы Аманәлі Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол еңбек жолын 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Шардара, Мақтаарал аудандары прокуратураларының прокуроры, аға прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Түркістан облысы Жетысай ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2024 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары. Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 13 жылдан астам.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокуроры Алмас Мақсұтұлы Жалмағамбетов болып тағайындалды.

Алмас Мақсұтұлы Жалмағамбетов еңбек жолын 2014 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейінгі жылдары Петропавл қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының облыс прокурорының көмекшісі, прокуроры болып қызмет атқарған. 2023 жылғы қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы.

Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 17 жылдан астам, прокуратура органдарындағы өтілі 12 жыл.

Тимирязев ауданының прокуроры Оспанов Еркеш Думанұлы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы лауазымынан бастаған. Әртүрлі кезеңдерде Аққайың ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Айыртау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.

2023 жылғы шілдеден бастап Уалиханов ауданының прокуроры.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 19 жыл.

Жалғасұлы Асқаров Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ол еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейінгі жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бөлім прокуроры, Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының орынбасары.

Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 16 жыл, прокуратура органдарындағы өтілі 11 жылдан астам.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *