Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО үздік өңірлердің қатарында

Облыстық әкімдікте өткен жиында өңірдің 2026 жылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Белгілі болғандай, облыстың экономикалық индикаторы 111,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада бесінші орынға тұрақтады.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10,6%-ға өсіп, 697,1 млрд теңгеге жетті. Мал шаруашылығында 184,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,7%-ға артық. Атап айтқанда, 63,1 мың тонна ет, 324,4 мың тонна сүт және 512,9 млн дана жұмыртқа өндірілді. Саланы одан әрі дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңге болатын 23 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның ішінде 20 жоба 14,5 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Бұдан бөлек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15%-ға ұлғайып, 718,9 млрд теңгені құрады. Өндірілген өнімнің 86,4%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өсімге машина жасау саласы елеулі үлес қосты. Бұл саладағы өндіріс көлемі 26,2%-ға артып, 229,2 млрд теңгеге жетті.

Өңір экономикасына 392,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,9%-ға жоғары. Жалпыұлттық инвестициялық пулға құны 1,3 трлн теңге болатын 75 жоба енгізілген. Оларды іске асыру аясында 10,9 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.
Өңірдің өнеркәсіптік дамуында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы маңызды орын алады. Мұнда 22 қатысушы тіркелген. Жобалар бойынша инвестицияның жалпы көлемі 574,9 млрд теңгені құрайды, шамамен 4,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінде құны 71,8 млрд теңге болатын 7 жоба іске қосылып, 1 129 жұмыс орны ашылды. Тағы 15 жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде биыл жалпы құны 63 млрд теңге болатын 6 өндіріс орнын іске қосу жоспарланған.

Есепті кезеңде 173,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,9%-ға артық. Сауда көлемі 16,1%-ға өсіп, 1 трлн теңгеден асты. Көлік және қоймалау саласында өсім 15,5%-ды құрады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *