Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда белгісіз сусын ішкен үшінші азамат көз жұмды

Петропавлда белгісіз алкогольдік ішімдіктен уланған үшінші адам көз жұмды. 75 жастағы зейнеткердің өмірі үшін дәрігерлер сегіз күн бойы күрескен. 

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш ер адам белгісіз алкогольдік тұнбаны ішкен. Көп ұзамай олардың денсаулығы күрт нашарлаған. Зардап шеккендер ауыр улану белгілерімен Петропавлдағы көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің бар жағдайды жасағанымен, үш науқасты да аман алып қалу мүмкін болмады. 52 жастағы ер адам ауруханаға түскен күні көз жұмған. Ал 48 жастағы екінші науқас бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

Үшінші науқас, 75 жастағы зейнеткер, аса ауыр жағдайда жатқан еді . Дәрігерлер сегіз күн бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол да көз жұмды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *