Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да шипажай жоқ

Қазақстанда шипажайлар мен санаторий-курорттық ұйымдардың бірыңғай тізілімін құру жоспарланып отыр. Қазір елімізде осындай 333 мекеме жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санаторий-курорттық ұйымдардың ең көбі Түркістан облысында орналасқан. Мұнда 117 мекеме бар. Алматыда — 34, Алматы облысында — 22, Астана мен Ақмола облысында 20 мекеме жұмыс істейді. Шымкентте 20, Қызылорда облысында — 17, Жамбыл облысында — 16, Қарағанды облысында 13 санаторий-курорттық ұйым бар.

Шипажайлардың басым бөлігі жеке меншікке тиесілі екені атап өтілген. Осыған байланысты қолданыстағы есеп жүйесі олардың материалдық-техникалық базасы, нөмірлік және төсек-орын қоры, жүктемесі мен табиғи емдік ресурстарды пайдалану деңгейі туралы толық мәлімет бермейді.

Бұл мәселені шешу үшін Үкімет санаторий-курорттық ұйымдардың бірыңғай реестрін жасауды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі. Қазір олар денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында қаралып жатыр.

Үкіметтің пайымдауынша, бірыңғай реестр шипажайлар туралы мәліметтерді жүйелеп, осы саланың қазіргі жағдайын неғұрлым толық бағалауға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *