Петропавлда тұрғын үйлер жылуға қосыла бастады
Петропавл қаласында 1 қазан жылыту маусымы басталады. Бірақ барлық нысанға бірден жылу берілмейді, деп хабарлайды тілшіміз.
Қала әкімі Серік Мұхамедиев жылу маусымын бастауға қатысты қаулыға қол қойды. Оның айтуынша, қазірдің өзінде бірқатар нысанға жылу берілді.
«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде әлеуметтік нысандардан берілген өтініштерге сәйкес жылумен қамту басталған болатын. Бүгінгі таңда 80-нен астам мектеп, балабақша, медициналық және білім беру мекемелеріне жылу берілді. Содан соң көп пәтерлі үйлерге орталықтандырылған жылу қосылады», — дейді Петропл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Бүгінгі күні Петропавл қаласында 1135 көпқабатты тұрғын үй бар. Ал жылуды кезек-кезек берудің өзіндік себебі бар.
«Жүктемені біркелкі азайту мақсатында тұрғын үй қорын қосу кезекпен жүргізілетін болады. Жалпы, бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін 10 күн қажет», — деп атап көрсетті қала басшысы
Ал «Севказэнерго» компаниясы 10 күннің ішінде жылу барлық үйге берілетінін хабарлады.
«Сосын жылудың қаншалықты тез келетіні үйлердің КСК (ОСИ)-ларына байланысты болады. Олар осы уақытта шұғыл жұмыс істейді», — дейді компания мамандары.
Компания сайтында жылу беру кестесі жарияланды. Сол жерде жылуға қосылатын нысандар мен жылу мауысымы басталғаннан кейін нешінші күні берілетіні көрсетілген.
- 19-шы және 20-шы шағын аудандар, «Борки» кенті, «Юбилейный» шағын ауданы (3-ші күн);
- «Береке» кенті, вокзалға жағын аудан, «Жұмысшы кенті» ауданы (4-ші күні);
- БЖ ауданы, Шухов – Мүсірепов – Набережная – Жамбыл (5-ші күні);
- Мүсірепов – Назарбаев – Жабаев – Алматы көшелері жақта (6-шы күні);
- Алматы-Абай көшелері (қаланың оңтүсті жағы) (7-ші күні);
- Театральная — Мұқанов – Мира – Абай көшелері ауданында (8-ші күні);
- Алтынсарин – Амангелді ДСР жаққа (9-шы күні)
- қысымды реттеуіші жоқ 9 қабатты және одан жоғары тұрғын үйлер (10-шы күні).