Солтүстік Қазақстан облысының аумағында описторхоз ауруының 30 жағдайы тіркелді.
Үстіміздегі жылдың 8 айында солтүстік Қазақстан облысы аумағында описторхоз ауруының 30 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды тілшіміз.
Описторхоз – бұл «Сібір немесе мысық қосезулі (Opisthorchisfelineus)» ғылыми атауы бар жалпақ құрттан туындаған паразиттік ауру. Ол ұзақ ағыммен ерекшеленеді, жиі асқынулармен өтеді. Паразиттің тасымалдаушысы адам және үй жануарлары (мысықтар, иттер) болуы мүмкін. Описторхозда өт қабы, ұйқы безі, бауырдың өт жолдары сияқты органдар зақымдауы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2023 жылдың 8 айында описторхоздың 30 жағдайы тіркелді.
Адамға инфекция шикі (еріген, мұздатылған), жеткілікті қуырылмаған және аздап тұздалған, кептірілген балықты жегенде жұғады, онда описторхис гельминттерінің дернәсілдері бар.
Описторхис дернәсілдерімен тек тұқы текті — язь, елец, шабақ, еуропалық плотва, вобла, линь, красноперка, сазан және табан, тұқы, мөңке балықтар зақымдалады. Бір балықта 7 мыңға дейін дернәсілдер болу мүмкін. Зақымдалған балықта ешқандай айырмашылық болмайды, өйткені дернәсілдер тек микроскоп астында ғана көрінеді.
Описторхозды жұқтырмау үшін:
- балықты қайнаған сәттен бастап кем дегенде 15-20 минут пісіру керек;
- беті жабылған ыдыста, кішкентай кесектерге кесіп 15-20 минут қуыру қажет;
- балық бәлішін тұмшапеште кемінде 40 минут пісіру;
- Тұздалған жағдайда 10 кг балыққа 2 кг тұз пайдалану қажет, екі және одан астам аптада тұздау;
- Кептіру кезінде алдымен балықты үш күн тұздап, үш апта кептіру;
- Мұздату кезінде балықты мұздатқышта немесе -28°С температурада 41 сағат бойы ұстаңыз;
- Аз тұздалған балық пен жоңқалап кесілген балық етін пайдаланудан бас тартыңыз.
Ешбір жағдайда шикі балықты немесе оның ішін үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олардың жұқтыру қаупі артады, бұл жағдайда жануарлар описторхоздың таралу көзі бола алады.
Балықты кесу және өңдеусіз тұтынылатын өнімдерді кесу кезінде әртүрлі кесу тақталарын қолдану керек.