Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды тілшіміз.

Қазан айынан бастап еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді. Адамдар өзгерген климаттық факторларға бірден үйрене алмайды, сондықтан қысқы жолда жүру кезінде ауа райының жол жүрісіне әсерін ескеру маңызды.

Қыс мезгілінің басталуымен жолдағы көлік жүрісі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жылдамдықты асырмаңыз! Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз! Егер қысқы жүргізу элементтері туралы толығырақ айтатын болсақ, онда жылдамдықты шамамен сағатына 10-15 шақырымға азайту керек, ал көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік болуы тиіс. Міне, осындай ұсақ-түйектердің өзі жол жағдайы күрт өзгерген кезде жүргізушіге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Қиылыстарда бағдаршамның жасыл түсіне жылдам қозғалу – қысқы уақытта жүргізушілердің негізгі қателіктерінің бірі. Жолға назар аударыңыз, көлік жүргізу кезінде телефонға телмірмеңіз және көлік басқарумен байланысы жоқ нәрселерге алаңдамаңыз. Есіңізде болсын, көлікті кенеттен тежеу басқару мүмкіндігін жоғалтуға әкеп соғады.

Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасау мен басып озудан аулақ болыңыз, жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият болыңыз, айналаңыздағы жол жағдайын үнемі бақылауда ұстаңыз. Автокөлікті жабдықтауға келетін болсақ, заңнамаға сәйкес қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз. Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы қажет. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, егер ауа райы нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеген дұрыс.

«Жаяу жүргіншілер қыста көлік тез тоқтай алмайтынын есте ұстағандары абзал, сондықтан көшені кесіп өткенде сізге жол бергеніне көз жеткізіп, содан кейін ғана жүрісті жалғастырыңыз. Сақ болыңыз, телефонмен сөйлесуге және басқа хабарламаларды көруге алаңдамаңыз. Өз кезегінде полицияның жеке құрамына қызмет атқару барысында қиын жағдайға тап болған жандардың барлығына көмек көрсету тапсырылды. Жолдарыңыз қауіпсіз болсын!» – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *