Жарияланған күні: 25.10.2023
Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов теріскейліктерді келіп жеткен Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды тілшіміз. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация біздің Тәуелсіздігімізге жол ашқан маңызды құжат. Республика күні – барша халқымыз үшін ортақ мейрам, елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейтін айрықша күн. Мереке күні сіздерге бақыт пен береке, молшылық пен табыс тілеймін. Еліміздің егемендігі баянды болсын! Мереке құтты болсын!»,- деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке параұшасында.