Жарияланған күні: 29.10.2023
Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқан кеншілер саны 45-ке жетті
Костенко шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды тілшіміз.
Қазіргі уақытта 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.
Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.
Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:
- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
- металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.
Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.
Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.