Петропавлда қар аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салды
Петропавлда соңғы күндері қар аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салды. Ауа-райының қолайсыздығынан қала көшелері көктайғаққа айналып шыға келді. Осыған байланысты қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Тайып-жығылып, жарақат алғандар да бар, деп хабарлайды тілшіміз.
Көктайғақтың салдарынан көлік қозғалысы қиындап, тайып-жығылғандардың да саны күрт артқан. Дәрігердердің айтуынша соңғы үш күнде Петропавлдағы жарақат бөліміне 180 адам медициналық көмекке жүгініпті.
«Оның 63-і көшеде құлап жарақат алған. Дені егде жастағылар екенін айта кету қажет. Науқастардың көбі иығын шығарып, қол-аяғын сындырып алған. Екі азамат бүгінде ауруханаға жатқазылды. Олар енді осында ем қабылдайтын болады. Қалдағнадырына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Келіп жатқан науқастардың легі әлі де бар» , — дейді жарақат бөлімінің меңгерушісі Ваоерий Грибашов.
Қала тазалығына жауапты қызметкерлер көшелерге құм сеуіп жатыр. Әкімдіктегі мамандардың сөзінше жолдармен аялдамаларды көктайғаққа қарсы материалдардармен өңдеу үшін 2200 текше метр құм-тұз қоспасы дайындалды. 160 –тан астам арнайы техника қысқы маусымға дайын түр.
«Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Екі күн бойы бізде жұмыстардың барлығы түнгі 11-00-ден бастап, қала көшелерін механикалық тазалау жұмыстары өткізіледі. Кейін таңғы уақыттарда құм-тұз қоспасы себіліп, күндізгі уақытта жолдар, жаяу жүргіншілердің жолдары, саябақтар қардан тазартылып жатыр», — деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Жазғы дөңгелегін қысқыға ауыстырып үлгермегендер шығынға батып жатыр. Жол сақшыларының айтуынша тек бір күнде 30-дан астам көлік бүлінген. Темір тұлпар иелері көктайғақта тізгінге ие бола алмай қалған.
Көктайғақ көлік жүргізушілерін де әбігерге салып қойғаны рас. Мәселен соңғы тәулікте тек Петропавл қаласында 20-ға жуық жол көлік апаты болыпты. Бастысы зардап шеккендер жоқ.