Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қала тұрғыны шынжырлы арамен жұмыс істеп жатып арандап қалды

Петропавл қаласының тұрғыны шынжырлы арамен жұмыс істеп жатып арадап қалды. Оқыс оқиғадан азамат ауыр жарақат алды, деп хабарлайды  тілшіміз.

Медицина қызметкерлерінің айтуыншша оның ауыз қуысы, төменгі жағы сынған және барлық тістері зақымданған. Зардап шеккен 51 жастағы ер адам бірден медициналық көмекке жүгінген. Ол шынжыр арамен жұмыс істеген кезінде бетін жарақаттап алған.

«Науқастың жағдайы ауыр еді. Ол шұғыл түрде жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның ауыз қуысынан бөгде заттарды, қоқыстарды шығарып, ұйылған қанды тазалады. Осылайша жараны өңдеді. Енді алдағы уақытта сүйек қалдықтарын фиксациямен қайта орналастыру бойынша отау жасау қажет», -дейді көпбейінді аурухананың бөлімше меңгерушісі Қайрат Мәжитов.

 Жарақат алған науқас 16 күн бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем-дом шараларын қабылдады. Қазір ол үйіне жіберілді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *