Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қаласында 9 қарашадан бастап төтенше жағдай жарияланады (Видео)

Петропавлда ертең, яғни 9 қарашадан бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай  жарияланады. Оған басты себеп – қаладағы тозығы жеткен кәріз коллекторларының бірінің   зақымдануы, деп хабарлайды  тілшіміз. 

Күні кеше облыс орталығындағы Жуков  және Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінде  орналасқан диаметрі 800 миллиметр болатын кәріз коллекторы зақымданған.  Ол 1956 жылы пайдалануға берілген.  Содан бері ол жөндеу көрмеген соң, әбден ескірген. 

Аталған  коллектор 19-шы, 20-шы шағын аудандардан, Жұмысшы кентінен, Береке шағын ауданынан, Вокзал ауданынан, Нефтепроводная көшесінің аймағындағы ағынды суларды жинайды.

«Қазіргі уақытта коллектор жұмыс істеп тұр. Оның әрі қарай жұмыс істеуі үшін  жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай  жариялау туралы шешім қабылдадық. Төтенше жағдай режимі 9 қарашадан бастап енгізіледі. Біз тез арада жалпы ұзындығы 700 метр болатын  кәріз құбырын жөндеп үлгеруіміз керек. Қазір кезде құжаттардың барлығы Ашық  НҚА порталында жарияланды. Алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл сұрақ облыс әкімі мен қала басшысының жіті бақылауында», — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Біржан Көшербаев. 

Бүгінгі күні ескі коллекторда тексеру жұмыстары жүргізілді, «Қызылжар Су» ЖШС-нің мамандары жөндеуге кірісіпте кетті. Әзір шаруалар нақты  қашан аяқталатыны белгісіз.

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *