Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды

 

Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайды. Енді картамен төлем жасайтындар үшін тариф 100 теңге болады. Ал қолма- қол есеп айырысатын жолаушылар 170 теңге төлеуі тиіс. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров мәлемдеді, деп хабарлайды тілшіміз.

Бүгін қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс 7-ші сессиясы өтті. Онда  халық қалаулылары қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін бекітілді.

«Тарифтің өзгермегіне 6,5 жыл болды. Сондықтан былтыр қараша айында тасымалдаушылар бізге ұсыныс түсірді. Бізде тарифтерді қарайтын ведомствоаралық комиссия бар, кәсіпкерлердің ұсынысы бірнеше рет жиында талқыланды. Яғни комиссия оны жан –жақты зерттеді.  Мәселен  2017 жылы бір литр дизель отыны 124 теңге болса, қазір ол 290 теңге. Ал қыста тіпті 600 теңгеге дейін барады. Қосалқы бөлшектердің де бағасы  өсті. Одан қалды жүргізушілердің айлығы бар. Үлкен инфляция болды. Шығындар көбейді. Сондықтан осының барлығы есептеліп, жаңа тариф мақұлданды» — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Бүгінгі күні  картамен есеп айырысқанда жолаушылар 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлеген уақытта 130 теңге төлейді.  Жаңа тариф картамен  есеп айырысқан жағдайда 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен 170 теңге болады.  Ал балалар үшін жолақысы  50% арзан.

Жаңа тарифті мәслихат депутаттары бекітті. Енді ол шамамен екі аптадан кейін күшіне енеді. Себебі жоба әділет департаментінде тіркеуден өтеді.

Облыс орталығында жолақы 2017 жылдан бері өзгермеген. Әкімдік өкілдері болса ескі тариф тасымалдаушылардың шығынын жаппайды дейді. Сондықтан мемлекет тарапынан оларға субсидия төленеді. Биылғы қаржылай көмек -3 миллиард теңгені құрады.

Қазір  облыс орталығында 18 бағытқа 180 –нен астам автобус шығады. Олардың барлығы әлеуметтік маңызға ие. Ал қалада  күніне  шамамен  75 мыңға жуық адам автобуспен қатынайды екен.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *