Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ұлысты ұйыстырған Ұлттық құрылтай

Биылғы жылдың 22 маусымында Түркістан қаласында өткен Ұлттық  құрылтайдың екінші жиынында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бүкіл ел болып Жаңа Қазақстанды құра­мыз. Бұл – оңай шаруа емес. Жұртымыз жаңаша өмір сүруге бейім­делуі қажет. Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңа­руы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады. Бір сөзбен айт­қанда, барша еліміз жаңарады» дей келіп, «Жаңа Қазақстан бір күн­де немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өз­гер­тетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әре­кет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақ­сатымызға жетеміз. Сол себепті, мен Жолдауымда Ұлттық құрылтай ша­қыру туралы бастама көтердім. Құрылтай шақыру – ертеден келе жат­қан ата дәс­түріміз екенін жақсы біле­сіздер. Бабаларымыз маңызды мәсе­ле­лерді осындай алқалы жиында тал­қылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқ­тамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді бірік­тірген» деп құрылтайдың жиі өтіп жататын көп жиынның бірі емес, елдің, мемлекеттің болашағына қатысты мә­селелер шешілетін маңызды басқосу еке­нін түсіндірген болатын. 

Құрылтайда Мемлекет басшысы сегіз мә­селе көтерді: Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет; Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаң­ғырту өте маңызды; Біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріп­теуіміз қажет; Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңыз­ды мәселе; Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту; Мемлекеттік саясатта талдау, сарапта­ма жасау қызметі сапалы жүргізілуге тиіс; Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту; Мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты біраз сын-пікірлер бар. Президенттің Ұлттық құрылтайда сөй­леген сө­зін Қазақстан халқы жы­лы қабылдап, қол­дау білдіріп жатыр.

Бұл ретте Петропавл қаласында Қазақстан Халық партиясының мүшелері осы сегіз мәселені талқылады. Жиынға қатысушылар әсіресе жаңа құндлықтарды орнықтыру, тарихи таным тақырыптарына жеке тоқталды. Басқосуға саяси ұйым өкілдері, ардагерлер, халық қалаулылары, мі,алімдер мен кейінгі толқын жастар қатысты. 

«Қазақ елінде ежелден бері халықтың рухын көтеретін сасия маңызға ие құрылтайлар өткізіліп келеді. Сондықтан биылғы жиында біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті деген мәселелерді көтерді.Ең бастысы ол халықтың рухани сана-сезімін қалыптастыру. Сондықтан Президент келесі ойды ортаға салды. Қазіргі уақытта барлық тарихшылар Қазақстанда, шетелде қазақ жерін, қазақ елін тарихын зерттеп жатқан 7 томдық кітапты дайындап жатыр. Мен оайламын осы кітап арқылы Жаңа Қазақстанның азаматтары нағыз әділетті тарихпен танысады деп. Екінші мәселе ол біздің –мәдениетіміз. Президент жиырма төрт сағат істейтін кітапхана ашу керектігін айтты. Мен ғалым ретінде  осы бастамасын қолдаймын» , — дейді «Қазақстан Халық партиясы» СҚОФ мүшесі Гұлбақша Мұсабаева.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *