СҚО-да алғашқы инновациялық жылыжай кешені салынды
Табиғаты қатал келетін Солтүстік Қазақстан облысында жыл он екі ай жұмыс істейтін ірі инновациялық жылыжай кешені салынды. Екі аптадан кейін мұнда алғашқы өнім жиналады. Ал агрономдар алдағы уақытта өсіретін көкөніс түрін арттырып, өңірлік азық-түлік белдеуін қалыптастырмақ ниетте. Осылайша бақша өнімдері қаладағы сауда орталықтарына арзан бағамен шығарылатын болады, деп хабарлайды тілшіміз.
.Жылыжай кешені толығымен автоматтандырылған. Сол себепті мұнда әзірге 16 адам жұмыс істейді. Солардың бірі – Ольга Михайлова. Осы уақытқа дейін тәтті тоқаш пісіріп, кондитер болған ол қазір жаңа бағытты меңгеріп жатыр. «Нәзік жанды өсіріп жатқан көкөністерді баламыздай баптаймыз»,- дейді.
«Қазір қыс мезгілі, далада қар жатыр. Ал іштегі атмосфера бөлек. Бұрын цехта кондитер болғам. Жарақат алып, ол жерден кетіп қалдым. Артынша жұмыспен қамту орталығына барған едім, ондағылар мені жылыжайға жіберді. Жұмысым өзіме ұнайды. Бастысы ауыр емес», — дейді көкніс өсіруші Ольга Михайлова.
Голландық технология негізінде жұмыс істейтін нысан, жергілікті халықты арзан көкөніспен қамту үшін салынды. Жоба құны – 7 миллард теңге. Аумағы -3,7 гектар. Тамшылатып суғару, климатты өзгеру, жылу беру сияқты шаруалар бір орталықтан басқарылады. Кешен толық қуатқа көшкенде аймақтың қияр мен қызанаққа деген сұраныстың үштен бір бөлігін жабады.
«Жылына 3 мың тоннадан астам өнім жинауды жоспаралап отырмыз. Енді қызынақпен салат жапырағын егу ойымызда бар. Ал оны жергілікті жерде сатамыз. Тіпті жылыжай жанынан дүкен ашуды жоспарлап отырмыз. Сол себепті халық оны делдалсыз, арзан бағаға сатып ала алады»,- деді жылыжай кешенінің директоры Екатерина Асаёнок.
Айта кету қажет, жылыжайға инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылды. Енді аталған кешен өңірге сырттан тасымалданатын бақша өнімдерін азайтып, сапалы азық-түлік қорын қалыптастыруға септігін тигізбек.