Жарияланған күні: 14.02.2024
Балық шаруашылығын дамытуға 20 млн. теңге субсидия беріледі
Солтүстік Қазақстан облысында аквамәдениеттің өнімділігін арттыруға және асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға қаражат бөлінеді. Тиісті қаулының жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында орналастырылды.
Құжатқа сәйкес, өткен жылы облыстық мәслихат депутаттарының шешімімен балық шаруашылығын дамытуға 20 млн. теңге көлемінде субсидияларды бөлу қарастырылды. Қаражат балық өсіруге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарын өтеуге жұмсалмақ. Осылайша ақ балықтың 80 миллион уылдырығы өсіріледі.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, облыс аумағында 2 432 су айдыны бар, оның 589-нда балық өсіріледі.