Жарияланған күні: 29.03.2024
Петропавлдағы 12 жеке тұрғын үйге су кірді
Өткен тәуліктің ішінде еріген қар суы 12 үйге кірді. Салдарын жою мақсатында коммуналдық кәсіпорындар су сору жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД департаментінің мәліметінше, наурыздың 28-нен бері баспаналарға кірген 1 мың текше су сорылды.
«Ikomek» жедел әрекет ету орталығына бір тәуліктің ішінде қала тұрғындарынан 119 өтініш түсті. Еріген қар суы кірген баспаналарға дереу коммуналдық кәсіпорындардың бригадалары жөнелтілді.
– Қар суы жеке тұрғын үй секторында орналасқан 12 баспанаға кірді. Суды сору жұмыстарына 105 маман, 60 арнайы техника мен 40 мотопомпасы жұмылдырылды. Әлі жұмыстар жалғасуда, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.