Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бірінші вице-премьер бөгеттер құрылысының аяқталуын тексерді

Су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Кожевенный және Заречный кенттеріндегі бөгеттер құрылысының аяқталғаны туралы баяндамаларды тыңдады.

Сонымен қатар Роман Скляр Тепличное, Прибрежное ауылдарындағы, Ущев көшесі бойындағы бөгеттерді дайындау жұмыстарын және Петропавл қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған маңызды стратегиялық нысан – «Қызылжар Су» ЖШС-ның екінші деңгейдегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін тексерді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша сорғы станциясы биіктігі 1,5 метр болатын 450 метрге жайылған бөгетпен қорғалған.

Бірінші вице-премьер су тасқынына қарсы жұмыстардың көлемін бағалап, жол инфрақұрылымы жүктемесін азайту туралы есепті тыңдады. Оның ішінде, үлкен судың келуі туралы жаңартылған болжамды ескере отырып, қатты су басу салдарын азайту процесі қозғалды.

 

Сібір жарасымен жерленген 4 мал моласын су шайып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *