ЖОЛ ЖИЕГІНДЕ БОС ЖАТҚАН ТАБЫТ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҮРЕЙІН ҰШЫРДЫ
Петропавлда жол жиегіннен бос табыт табылды. Тұрғындар оны суретке түсіріп әлеуметтік желіде жариялаған. Ал оқырмандардың пікірі болса екіге бөлінді. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері оған қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды тілшіміз.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Петропавл қаласының солтүстік бөлігіндегі аудандардың бірінде бос табыттың фотомонтаж емес екендігін растады.
«Аталған факт Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.Полицейлер бұл арнайы жәшікті Петропавл қаласындағы Жуков көшесі, 17 мекен-жайында орналасқан «Qyzyljar qalalyq meshiti» мешітінің жанындағы мәйітхана қызметкерлері одан әрі пайдалану үшін шығарғанын анықтады. Қазіргі уақытта жәшік ғимаратқа енгізілді», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Егер сіз қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманы бұзудың куәгері болсаңыз тәртіп сақшылары дереу «102» жедел арнасына қоңырау шалу керектігін ескертеді. Немесе «102» мобильді қосымшасын пайдалануыңызға болады. Ал оны «App Store» және «Google Play» қосымшасынан жүктеп алуға болады.