Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Сырты бүтін, іші түтін»: Петропавлда мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа көпқабатты үйдің төбесінен су сорғалады

Петропавлдағы Горький көшесі 16 мекенжайында бой көтерген көпқабатты үйдің шатырынан су сорғалай бастады.  Қалалық әкімдік өкілдері аталған мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. 

«Белгісіз себептермен үйдің техникалық қабатында нөсер кәрізінің иіні үзіліп кеткен. Салдарынан жауын-шашыннан кейін үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерлердің төбесінен су аға бастады. Қазіргі уақытта «Альфа Север» ЖШС мердігерлік ұйымы нөсер кәрізін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.  Сондай-ақ, кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігер ұйым пәтерлердегі су басу себептерін жою бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Мердігердің атына 2023 жылдың 31 тамызына дейін барлық ақауды жою керек деген арнайы хат жіберілді», — делінген Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Горький көшесінде орналасқан  72 пәтерлі баспананың құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша бүгінде ол пайдалануға берілген. Алайда, халық әлі күнге дейін өз үйлеріне  кіре алмай жүр. Себебі үйде  электр желісі жоқ. Ал жаңа үйдің сапасы сын көтермейді.

«Үйдің нақты пайдалануға берілген-берілмегені де түсініксіз болып тұр.. Тұрғындар қазір келісім-шарт жасап, құжаттарын рәсімдеп жатыр. Кейбірі кілттерін алып алған. Енді пәтерлерііне жөндеу жасайын десе, жарық жоқ. Жаңа үй деген тек аты ғана. Көктем келгелі төбесінен бірнеше мәрте су ақты. Есік- терезелері жабылмайды. Балшықтары түсіп жатыр. Жылу батареялары дұрыс орнатылмаған. Балконның жыры тағы бар. Подьездің іші тіптен  нашар», — дейді тұрғындардың бірі.

2021 жылы аталған үйдің аумағын абаттандырып, инженерлік инфрақұрылымдарды  салу бойынша жобаны қолға алынды. Биылғы жылдың 15 тамызына  дейін абаттандыру жұмыстары аяқталуы тиіс болатын. Алайда, осы іспен айналысып жатқан «Энерджи-Тараз»  ЖШС мердігерлік ұйымы кестеден кешеуілдеп жатыр. Шаруаны уақытылы атқармағаны үшін мердігерге айыппұл салынды. Енді бар мәселені осы айдың соңына дейін тындырмаса, әкімдік өкілдері оны сотқа бермек ниетте.

«Үйдегі трансформаторлық қосалқы станцияға тұрақты түрде энергия берілген. Қазіргі уақытта жарық қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың шілде айында «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен пәтер иелері арасында сатып алу-сату келісім-шарттары жасалды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне қоныстана бастайды», — делінген ақпаратта.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *