Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КЕСІРІНЕН АВТОТҰРАҚ ПЕН ОЙЫН АЛАҢЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКІН

Облыс орталығында тұрғын үй құрылысына байланысты дау шықты.  Нұрсұлтан Назарбаев, Мұқанов және Ульянов көшелерінің түйіскен жерінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қағып отыр. Халық автотұрақ, балалар ойын алаңынан және қоқыс жәшіктері орналасқан орнынан айырылып қаламыз ба деп үрейде. «AMANAT» партиясының филиалы ұйымдастырған сот-құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар осындай  мәселерді көтерді.

Бастамашыл топтың өкілі Алексей Трифоновтың айтуынша, мердігер аула ішінде элиталық үй салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда құрылысты қолдамайтын жергілікті азаматтардан бас аяғы 200-ден астам  қол жиналды.

«2006 жылы жер телімі әкімдіктің бұйрығымен тұрғын үй қорынан шығарылды. Осы уақыттан бастап бұл учаске пайдаланылмайды. Аула тұрғындары бұл жерге көліктерін қояды. Балалар ойын алаңқайы да осы жерде орналасқан Одан қалды қоқыс жәшіктері осы маңда түр.  2021 жылы үй салынбақ болды. Алайда мердігер артынша ол ойынан айнығандай болған еді.  Биыл мамыр айында жер учаскесін қоршап алған тағы бір құрылыс компаниясы пайда болды», — деді Петропавл қаласының тұрғыны Алексей Трифонов.

Бастамашыл топ өкілдерінің айтуынша бұл учаске бірнеше адмға сатылып кеткен. Қазір қараша халық бұл аумақтың неліктен тұрғын үй қорынан шығарылғанын және неге 15 жыл бойы ешқандай әрекет болмағанын анықтауға тырысып бағуда. Олар өз сұрақтарын Петропавл қаласының №2 сотының судьясы Ұлан Әбдірахмановқа да қойды.

«Сіз жер учаскесін құрылыс компаниясына берген мемлекеттік органдардың әрекетіне сотқа шағымдана аласыз. Талап-арызды әкімшілік сотқа жалға алушылардың мүдделерін білдіретін ұйым ретінде мүлік иелерінің бірлестігі арқылы беруге болады. Жаңа Әкімшілік-іс жүргізу кодексі дауларды шешудің сотқа дейінгі тәртібін де көздейді. Егер мемлекеттік орган сіздің сұрауыңызды  қанағаттандырудан бас тартса, онда сотқа жүгіну керек», — деп түсіндірді судья Ұлан Әбдірахманов.

Бірыңғай қабылдау күні барысында судьяларға, заңгерлерге және «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ өкіліне 8 солтүстікқазақстандық кеңес алу үшін жүгінді. Өтініштердің ішінде кибер алаяқтық мәселесі де бар. «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінде биылғы жылы «Құқықтық көмек» және «Заңгерлік көмек» жобалары аясында заңдық сипаттағы 15 мәселе қабылданған.

«Көтерілген сұрақтар әралуан. Кейбірі бірден шешіліп, тиісті түсініктемелер беріледі. Бір мысал: аудандардың бірінде орналасқан серістестік басшысы жұмысшының жалақысын төлемеген. Біздің араласуымыздан кейін мәселе оңтайлы шешімін тапты.  Аудан тұрғындары үшін консультациялар ZOOM платформасы арқылы жүргізіледі», — деді «AMANAT» партиясы аймақтық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *