ПЕТРОПАВЛДА ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ 6 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫСЫН ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
Облыс орталығында зейнеткердің ақшасын алып кетккен студент қолға түсті.
Петропавл қалалық полиция басқармасының екінші полиция бөліміне 71 жастағы қала тұрғыны арызданып, оның үйінен белгісіз біреу ірі сомадағы ақшаны иемденіп алғаны туралы хабарлаған. Келтірілген шығын — 5 миллион 747 мың теңгені құрады.
Бұл жағдайдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты ізін суытпай ашты. Күдікті облыстағы колледждердің бірінің 16 жастағы студенті болып шықты. Ұрланған ақшаны пысықай ешқайда жүмсап үлгермеген.
Анықталғандай, бұл күні зейнеткердің үй телефонына белгісіз біреулер қоңырау шалған. Осылайша оның туыстарының бірі жол-көлік оқиғасына түсіп, адамдар зардап шеккенін айтқан. Қылмыстық іс қозғамас үшін ірі көлемде ақша талап етіпті. 71 жастағы зейнеткер абдырап, қолында 13 мың АҚШ доллары бар екенін айтқан. Көп ұзамай ақшаны алып кетуге қылмысты ұйымдастыруға қатысы жоқ, тек алаяқтардың айтқанын орындауға келген дроппер келеді. Алайда, оны жедел уәкілдер анықтап ұстады.
«Полицияға уақтылы хабарласу қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі. Полиция қызметкерлері байланыссыз алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды үнемі жүргізіп тұрады. Бірақ осындай фактілер егде жастағы азаматтардың арасында өптеп кездеседі. Мұндай жағдайларда азаматтарды сабыр сақтап, қаржылық операциялар жасаған кезде асығыс шешім қабылдамауға шақырамыз. Егер осы сияқты фактілер болып жатса, бірден полицияға хабарлау керек», — дейді , — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин.
Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүрігізілуде.