Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мамлютка қаласында көптен күткен орталықтандырылған жылу қазандығы биыл іске қосылады…

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлютка қаласының тұрғындары биыл орталықтандырылған жылу қазандығының игілігін көреді. Құрылысы осыдан он жыл бұрын басталған нысан жақында іске қосылады, деп хабарлайды тілшіміз.

Мамлютка қаласы облыс орталығынан 40 шақырымнан астам жерде орналасқан. Шаhардағы жылу қазандығының іргетасы 2013 жылы қаланған. Дегенмен ол сегіз жылдан кейін ғана бой көтерді. Құрылысы ұзаққа созылған нысанның игілігін халық тек биыл көрмек. Қазір жұмысшылар қазандықты жылыту маусымына дайындап жатыр. Атқаратын шаруа әлі аз емес.

«Мынау резервьте тұрған екінші қазандық. Тесіліп, су ағып жатыр. Ақауды анықтап, ретке келтіретін боламыз. Кейін күл шығарытын қондырғыны жөндеу керек. Қазір учаскеде  бес адам еңбек етіп жатыр» , — дейді жұмысшы Тагир Хасанов.

Негізінен қазандық екі жыл бұрын дайын болған еді. Алайда әкімдіктегілер оны пайдаға жарата алмады. Тіпті сол кезде ауданды басқарған Владислав Лукин мердігердің жұмысын қабылдамай қойған. Тіпті онымен есеп айырыспаған. Артынша кәсіпкер Евгений Лебедько сотқа жүгінеді. Осылайша судья кәсіпкердің талап- арызын толықтай қанағаттандырады. Екі жылға созылған дауға нүкте қойылды. Артынша аудандық әкімдік қызметкерлері қазандықты өздері жағады. Себебі бірнеше рет конкурс жарияланғанымен, қазандықты сенімгерлік басқаруға алатын компания табылмады. Салдарынан мұндағы қондырғылар жарамсыз болып қалған.

Қазір коммуналдық қызмет көрсететін ұйым қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 24 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Енді күзде жылу жүйесіне әлеуметтік нысандардан бөлек екі көпқабатты тұрғын үй қосылады. Айта кету қажет былтыр жылу қазандығы тұрақты жұмыс істемеген соң, аудан орталығында салынған 30 пәтерлі үй уақытында тапсырылмады. 

«Сенімгерлік басқаруға алған компания тарифті бекіту үшін барлық құжаттарды тиісті органдарға өткізді.  Қазіргі уақытта екінші қазандыққа  күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.  Қала бойнша 1,7 шақырым болатын жылу құбыры төселді.  19 қыркүйекке дейін жоспар бойынша мамандар қалған істі  аяқтауы тиіс.Жалпы аталған шаруаларға  аудандық бюджеттен  8,8 миллион теңге ақша бөлінді. Мұнымен қоса қазіргі уақытта облыстық бюджетке сұрау салдық. Қосымша 15,8 миллион теңге қаражат  қажет. Оның сметасы жасалды. Жақын күндері бұл сұрақ шешілуі тиіс», — деді Мамлют ауданы әкімдігінің әдіскері Серік Бакеев.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша осы жылы аудандық әкімдіктің ғимараты, ауыл шаруашылығы бөлімінде істейтін  қызметкерлер отыратын нысан және екі мектеп осы жылыту жүйесіне қосылады.

Биыл орталықтандырылған жүйеге қосылатын абоненттер өте аз. Сондықтан жылу үшін қажетті барлық шығынды жергілікті билік өз мойнына алып отыр. Ал болашақта  қаладағы 40 шақты үйдің жартысы осы қазандықпен жылытылады деген жоспар бар. Ол үшін нысанның қауhары жеткілікті. 

Жалпы бүгінгі күні облыста 350-ден астам нысанды жылумен қамтамасыз ететін 24 қазандық бар. Оларды алдағы қауырт маусымға дайындауға жергілікті қазынадан 763 миллион теңге қарастырылып отыр.  Ал қыстан қысылмай шығу үшін жақын күндері  ол жерлерге отын-көмір жеткізілетін болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *