Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр

 

Астықты өлке  Солтүстік Қазақстан облысында игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табуда. Осы жылы аймақта 330 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтетін болады деп, хабарлайды тілшіміз.

Жауапты мамандардың мәліметше бүгінгі күнге дейін өңірде 105 мың гектар жер қайтарылған. Яғни жер ресурстарын басқару департаменті өкілдері облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы мақсатында,ы жерлерді қайтару бойынша талап арыз беріп жатыр. Ал ол ескерілмесе, бұл учаскелер мәжбүрлі түрде тартып алынады. Дәлірек айтсақ, осы күнге дейін департамент мамандары мен құзырлы орган өкілдері  5,3 мың гектар жайылымдық жерді тартып алу үшін сотқа екі талап –арыз жолдаған.

«Осы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 65,5 мың гектарда 32 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 37,9 мың гектарда 23 бұзушылық анықталды. Ал оларды жою турады 23 ұйғарым беріліп, Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Оларға 20 айыппұл садынды. Айыппұлдың жалпы көлемі 1,6 миллион теңгені құрады» , — дейді Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіш.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *