Прокуратура «СевКазЭнерго» АҚ-да бірқатар заңбұзушылықты анықтады
Осы жылы ҚР Бас Прокуратураның тапсырмасы бойынша Петропавл қалалық прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесе отыра «СевКазэнерго» АҚ-ның қызметінде тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесі бойынша табиғи монополиялар, метрологиялық талаптар, өнеркәсіп қауіпсіздігі, экология, азаматтық қорғаныс, еңбек, электроэнергетика, салық заңнамалары саласында бұзушылықтар анықталды, делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.
Оның ішінде «СевКазЭнерго» АҚ метрологиялық тексерістер өтпеген өлшеу құралдарын пайдаланған, бекітілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған, қалдықтарды лақтыру бойынша эмиссия нормативтері артық болған, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған.
ЖЭО –дағы түрлі цехтарда да олқылықтар анықталды.
Жалпы сомасы 260 миллион теңге бюджетке міндетті төлемдер мен салық сомаларын азайту фактілері анықталды (корпоративтік салық табысы, қосымша құнға салық және салықтың басқа түрлері).
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша «СевКазЭнерго» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек ақыны төлеу бойынша талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау ережелері, Табиғи монополиялар туралы Заң, бюджетке міндетті төлемдер мен салық сомаларын азайту, экологиялық заңнамамен қарастырылған міндетті мәліметтерді ұсыну бойынша, рұқсат етілген антропогеннің қоршаған ортаға нормативтік әсері, жалпы сомасы 108 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттің пайдасына 368 000 000 теңге көлемінде қаржы өндіріліп алынды.