СҚО-да прокурордың орынбасары тағайындалды
Еліміздің Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары тағайындалды.
Бұл қызметке аға әділет кеңесшісі Александр Владимирович Трикачев лайықты деп танылды.
Трикачев Александр Владимирович өзінің еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастады.
2007 — 2019 жылдары аралығында Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарының және Петропавл қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау бойынша басқармасының бастығы болды.
Прокуратура органдары қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 23 жыл.
Заң мен құқық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлкеттік награда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы прокуратура органының құрметті қызметкері төс белгісімен марапатталған.