Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
09:06:34Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ЖҰМЫСҚА САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілерге 297 тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды тілшіміз Qyzyljarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдерінің мәліметінше, мемлекеттік органдар ұсынатын тоқсан сайынғы есептер негізінде өз қызметін тиісті деңгейде орындамаған қызметішілер жазаланды.

«Қаңтар айынан өз ісіне немқұрайлы қараған 3 адам қызметінен босатылды. 15-сіне қызметтік сәйкестігі туралы ескерту жасалып, 19-ы қатаң сөгіс алды. Тағы 99-на сөгіс және 16-не ескерту берілді. Жыл басынан департамент жоспардан тыс үш тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, СҚО әкімдігінің білім басқармасы және Аққайың ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза беру туралы 5 өтініш қаралды», — дейді СҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің бас маманы Дархан Ермеков.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *