Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+25°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
12:14:13Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бескөл ауылында 15 жастағы қызды тонаған күдікті іздестіріліп жатыр

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында 15 жастағы қызды тонап кетті. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Қылмыс туралы хабарлама СҚО ПД Қызылжар аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне 24 тамыз күні түскен. Белгісіз азамат жасөспірімнің бір мың теңгесін қолды қылған.

Аталған факт ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Тонау»  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Әзір пысықай қолға түскен жоқ.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *