Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жетім баланы пәтер кезегінен ысырып тастаған

Петропавлда жетім баланың пәтер кезегіндегі орны заңсыз кейінге ысырылған, деп хабарлайды тілшіміз Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті мәлім етті.

Ведомство дерегінше, көктемде Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қала тұрғыны өтінішпен келген. Әйел патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қоюда қателік кеткенін айтқан.

«Әйел патронаттық тәрбиедегі баласын пәтер кезегіне 2018 жылдың ақпан айында қойған. Алайда kezekte.kz порталында кезек артқа сырғып, кезекке тұру уақыты 2018 жылдың қыркүйегі болып кеткен. Тұрғын кезектегі орынды қалыпқа келтіруін сұрап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан, алайда олар қателікті өздігінен түзетуге асықпаған. Сол себепті петропавлдық департаментке шағымданып, шара қолдануды сұрады», деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Мамандар тексеріс ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстырудың нәтижесінде ол 67-орынға өзгерді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 63 мың жетім бала тұрғын үй алу кезегінде тұрғанын жазғанбыз.

Мәселен, жуырда БАҚ Петропавлда тұрғын үй алуға кезекте «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»санатынан барлығы 1 774 адам тұрғанын хабарлаған болатын. Олардың барлығы 10 жылдан астам уақыт бойы пәтер кілтін күткендер. 2022 жылы билік Петропавлда олар үшін 120 пәтер бөлуге уәде берді, алайда уәде орындалмады. Жуырда тілшілер мұның себебін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтан сұраған еді.

Ал Талдықорғанда шенеуніктер мұқтаж отбасыларға арналған пәтерлерді бөліске салғаны хабарланған.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *