Петропавлда кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде
Облыс орталығында ауылшаруалығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтуде. Бұл жолы ол -Конституция күніне орайластырылды. Шаhардағы үш базарға үш ауданнан арзандатылған тауар әкелінді.
Таң сәреден халық көптеп жиналуда. Олар өздеріне қажетті өнімдерді жаппай сатып алып жатыр. Ал сөреге қойылған барлық тауар нарықтағы бағадан 20 пайызға дейін төмен.
«Кезекті жәрмеңкеге облысымыздың алты ауданынан ауылшаруалығы тауар өндірушелері келіп, қатысып жатыр. Мәселен «Алтын арман» базарында: Айыртау, Тайынша және Шал ақын ауданы, «Қызылжар-ақбастау» базарында: Қызылжармен Аққайың ауданы, ал «Дария» базарында: Мағжан Жұмабаев ауданынан өңімдер жеткізілді. Бүгінгі жәрмеңкеге барлығы 20 тоннадан астам өнім сатылатын болады. Тауарлардың құны нарықтағыдан 15-20% арзан. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында осындай 87 жәрмеңке ұйымдастырылды. Шарапаты мол шара алдағы уақытта да жалғасын табады», — дейді СҚО ауылшаруалығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Жергілікті тұрғындарға сүт, ет өнімдерімен жұмыртқа ұсынылды. Одан бөлек құс фабрикаларымен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері өз өнімдерін паш етті.