Петропавлда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт білім ошағы салынатын болады
Облыс орталығында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында төрт мектептің құрылысы басталады.
1200 орындық мектеп «Копай» шағын ауданында, 900 орындық мектеп «Жас өркен» ауданында салынады. Және 600 балаға арналған тағы екі мектеп «Орман» және «Береке» шағын аудандарында бой көтеретін болады деп жоспарналып отыр.
Жақында мердігерлерді анықтау бойынша екі конкурс өткізілді. Нәтижесінде Астана қаласында орналасқан Asti» ЖШС «Орман» шағын ауданындағы мектепті салатын болады. Ал оның жалпы құны 3,8 млрд теңгеге бағдаланып отыр.
Ал «Береке» шағын ауданындағы білім ошағының құрылысын жергілікті «Единство» серіктестігі бастайды. Жоба құны — 3,8 млрд теңге. Ал қалған екі мектеп бойынша конкурс алдағы уақытта жалғасады.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осы жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілерді барынша тарту үшін ұсынылатын өнім беруші-жиһаз өнімдерін, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілер тізбесін қалыптастырды», – деді СҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының міндетін атқарушы Марат Ысқақов.