Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Үш күнде облыста 33 қылмыс тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Операцияның басты мақсаты — өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін нығайту.

Іс-шараға қалалық және облыстық полицияның барлық жетекші бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде облыс бойынша үш күн ішінде 33 қылмыс тіркелді. Оның 27-сі  бір тәулік ішінде ашылды. 1065 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылды.  Облыс жолдарында жаяу жүргіншілер тарапынан 163 жол қозғалысы ережесін бұзу; жылдамдықты асырудың 116 фактісі; жаяу жүргіншілер өткелдерінің өтуін бұзудың 24 фактісі тіркелді. Сондай — ақ көлік құралдарын басқарған, бұрын басқару құқығынан айырылған 5 адам және мас күйінде көлік жүргізген 13 жүргізуші ұсталды»,- деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы үш күннің ішінде елімізде тұру ережелерін бұзу бойынша 238 факті тіркелді.  Алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 208 фактісі тіркелді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын- сауық орындарында немесе үйден тыс жерде жүрудің 79 фактісі тіркілді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 42 фактісі бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ ұсақ бұзақылық үшін 71 хаттама жасалды.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *