Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

1-сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдады

Қазақстанда 1-сынып оқушыларының 70 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды тілшіміз Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйекте алғаш рет Қазақстан бойынша 382 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.

1-сынып оқушыларының көпшілігі Алматы, Түркістан және Алматы облыстарында. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың жоғары пайызы Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарында байқалды.

Жаңа оқу жылында 11 сыныптың 188 900 оқушысы оқиды, бұл түлектердің рекорд саны. 2023-2024 оқу жылын барлығы 3,9 миллионға жуық қазақстандық балалар бастайды.

55 мың бала жаңа мектепте оқиды. 2023 жылдың аяғына дейін 132 мың жаңа оқушы орнын пайдалануға беру жоспарда бар. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау қайта 25 мамырда соғылатыны белгілі болған еді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *