Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 17 тауарлы-сүт фермасының құрылысы қызу жүріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша елімізде көш бастады.  Өңірде бүгінде мал саны 500 мыңнан асып, 100-ден астам тауарлы- сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Қазір тағы 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында өңірдің бұл жетістігін көпке үлгі етті.

Солтүстік Қазақстан — түгін тартса майы шығатын өңір. Астықты айтпағанда елімізде өндірілетін сүт өнімдерінің 25 проценті осы аймаққа тиесілі. Бүгінде облыста жүзден астам заманауи тауарлы- сүт фермасы бар. 

Біржан Шәймерденов аймақта тауарлы- сүт фермасын алғашқылардың бірі  болып ашты. Егіншілікпен бірге, мал шаруашылығын қатар алып жүрген азамат, болашақта май өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал фермадағы асыл тұқымды ірі қараларға 50 – ге жуық адам қарайласады.   

«Қазір ол жерде 42 адам жұмыс істеп жатыр. Оның көбі Оңтүстіктен келген, Моңғолиядан келген жандар екенін айта кету қажет. Біз ферманы  не үшін салдық? Себебі мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Алынған бір сиырға 400 мың теңге ақша береді. Сауылған сүтке 45 теңге  қаржы беріледі. Ал жыл сайын оның жем-азығына деп 80 мыңнан береді. Ет тапсырсақ 200 теңге береді. Енді онымен неге айналыспасқа?», — дейді шаруа Біржан Шәймерденов. 

Соңғы бес жылда  солтүстік қазақстанда осындай 30-дан астам кешен бой түзеді.  Шетелден 13 мың асыл тұқымды мал әкелінді. Қазір тағы  17 нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Ал жыл соңына дейін оның 9-ы пайдалануға беріледі. 

«Қазіргі уақытта осы кешендердің ашылуымен мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Ауылдағы әлеуметтік сұрақтар барынша шешіліп жатыр. Жол, су, үйлер салынуда. Содан кейін біздің тәжірбиемізді басқа облыстағы әріптестеріміз жалғастырып жатыр,- деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Жалпы бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында облыста 38 жоба жүзеге асырылуда. Инвестицияның жалпы құны 83 миллиард теңгеден асады. Өңірде құс фабрикасы, қой фермалары, май зауыты мен жылыжайлар салынып жатыр.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *