Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жол ережесін бұзған электрлі самокат жүргізушілері жауапқа тартылды

СҚО-да 7 электрлі самокаттың жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы СҚО ПД баспасқз қызметі хабарлады. 

8 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 225 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 28 адам қаза тауып, 327 адам жарақат алды. Жол апаттарының алдын алу мақсатында және “Назар аударыңыз, балалар” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті. Егер қала маңындағы трассаларда автокөлік апаттарының көпшілігінің себебі – жылдамдықты арттыру және жүргізушілердің шаршаңқы күйде көлікті басқаруы болса, ал қала көшелерінде – кедергілер мен қауіпті жағдайлар саналады. Жақында Петропавл қаласында кикшеринг қызметінен жүздеген электрскутерлер пайда болды. Тамыз айында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша бірқатар рейд жүргізді, алайда тәжірибе көрсеткендей, белсенді профилактиканы жалғастыру қажет. Желмен жарыса жүруді ұнататындар үшін де, айналасындағылар үшін де жоғары жылдамдық —бұл екі доңғалақты электр қозғалысының “кемшіліктері”. Полицейлердің міндеті-жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету.

«Жол қозғалысы туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, шағын электр көліктерінде, электр скутерлерінде тротуарларда жүру жылдамдығы сағатына 6 км-ге дейін төмендетілуі керек, ал жолға шыққан кезде скутер жүргізушілерінде кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек, сондай-ақ түймеленген дулыға киюлері тиіс. Электр скутерлерінің жүргізушілерін кез келген жағдайда абайлап жүргізу стилін ұстануға шақырамыз — бұл өздері үшін және айналасындағылар үшін өте маңызды», –деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО-да 30 тамыздан бастап “Жол қозғалысы туралы” Заңға электр скутерлерді пайдалану бөлігінде түзетулер күшіне енген күннен бастап екі дөңгелекті көліктің осы түрінің 7 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, әсіресе бұл мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналарына, сондай-ақ балалардың өздеріне тікелей қатысты.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *