Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасына жаңадан басшы тағайындалды

Облыстық прокуратурның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасына жаңадан басшы  тағайындалды. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады.

«Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының 2023 жылғы 01 қыркүйектегі бұйрығымен  заңгер Аюпов Марат Мұхтарұлы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған», — делінген хабарламада.  

Аюпов Марат Мұхтарұлы еңбек жолын 2015 жылы прокуратура органдарында бастады.

Әр жылы Мамлют, Қызылжар аудандары прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қ. прокуратурасының бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болған еді.  

Жалпы еңбек өтілі 15 жылдан асады.

Ал прокуратурада 8 жылдан астам уақыт қызмет атқарған.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *