СҚУ-да 13 қытайлық студент, 11 жерлесіміз қытайда білім алады
Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің 13 студенті Янлин қ. Шеньси провинциясынан Қозыбаев университетіне оқуға келді.Енді алдағы уақытта, 11 солтүстікқазақстандық білім алушынының ҚХР-ға сапары тұр. Мұндай алмасу екі университет арасындағы қол қойылған келісімнің арқасында мүмкін болды.
«Қазір біз магистратура бойынша бірлескен қос дипломды бағдарламалардың іске қосылуы туралы сөз қозғадық. 1 семестр біздің университетте және 3 семестр бойы Қытайда тепе-тең негізде оқыту көзделеді. Біз агрономия, азық-түлік қауіпсіздігі, агробизнес, агроменеджмент бағыттарын қамтыдық. Қытай студенттері үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту ұсынылды. Сондай – ақ, оқытушылармен алмасуды жалғастырамыз», – деді Басқарма Төрағасы-Ректор м.а. Рената Апергенова.
ҚХР жетекші университетімен ынтымақтастық 2018 жылы басталды. Содан кейін, оқу ордамызда агробиостанциясының базасында Агротехнопарк ашылды, онда бүгінгі күні дақылдарды сорттық сынау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Серіктестер студенттеріміздің ғылыми ізденістері мен сабақтарын жүргізу үшін сапалы зертханалық жабдықтарды сыйға тартты.
«Бізде зерттеулер бойынша ынтымақтастық көкжиегі кең. Ынтымақтастықты Жібек жолының ғылыми инновациялары мен ауылшаруашылық білім беру Альянсын құру бастамасын көтерген кезде бастадық, оның құрамына М. Қозыбаев атындағы СҚУ кірді. Серіктес ретінде біз сіздің ЖОО-ны таңдадық, өйткені бұл Қазақстандағы ең үздік университеттердің бірі. Ол кезде біз ауыл шаруашылығы бойынша өте күшті бағдарламалары бар Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің қызметімен жақсы таныс едік», — деп атап өтті Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің Вице-Президенті Луо Джун.