Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ауыл тұрғындары тіркелмеген қару сақтаған

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз қару сақтаған азаматтарды анықтады. Мұндай жағдай облыстың бірнеше ауданда тіркелген.

СҚО полицейлері Аққайың ауданының тұрғынынан  ИЖ-34 аңшылық мылтығын тәркіледі. Шопан оны өзі тұратын вагонда сақтап келген. Ал Мағжан Жұмабаев пен Шал ақын ауданының тұрғындары қаруды  үйлерінде жасырған.

«Көбі қаруды тауып алдық деп ақталады. Ал. Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына МЦ 21-12 бесатысты қаруы атасынан мұра болып қалған. Естеріңізге сала кетейік, қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оның туыстары қаруды өзіне қайта тіркеуі немесе комиссиялық сатуға шығаруы керек. Тіркелмеген қару – қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Оны сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен тек ерікті түрде беру ғана құтқарады. Өңір полицейлері 5 қыркүйектен бастап «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.  Содан бастап облыста барлығы 4  тіркелмеген қару мен 9 патрон тәркіленді. Тіркелген қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын ескермеген 5 азамат анықталды. Заңды бұзған барлық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *