Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 30 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылды

Солтүстік Қазақстанда 30 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 990 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды тілшіміз.

Өңірде 446 жалпы білім беретін мектеп бар. Олардың асхана жабдықтарын жаңартуға биыл бюджеттен 200 млн теңге көлемінде ақша бөлінген. Бұл қаражатқа тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен электр плиталары сынды керек жабдықтар сатып алынған.

«Барлық мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық тазалық тексеріліп, үнемі бақыланып отыратын болады. Асхана қызметкерлері тиісті талаптарға сай келеді. Мектептердегі асхана мәзірін білім басқармасы бекіткен. Ас мәзірі бюджеттен бөлінген қаражатты ескере отырып әзірленді», – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Петропавлдағы Ә.Бөкейханов атындағы №25 орта мектепте 680 оқушы білім алады. Оның 300-ге жуығы бастауыш сынып оқушысы. Биыл олардың барлығы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 5-11 сынып аралығындағы 25 оқушыға да мектеп тарапынан тегін тамақ беріледі.

«Биыл әр отбасына мемлекет тарапынан 40 мың теңге көлемінде  көмек көрсетілді. Бұл қолдау 125 отбасыға берілген. Сонымен қатар 65 оқушыға демеушілік көмек көрсетілді», – дейді Ә. Бөкейханов атындағы №25 орта мектептің директоры Сәуле Тұрсынова.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *